Синоптиктердің болжауынша, еліміздің тек шығысында ғана жауын-шашынсыз күн райы сақталады.
8 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің тек шығысында ғана жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Ал оңтүстік циклонның әсерінен қалған өңірлерде күн құбылмалы болмақ. Республика бойынша екпінді жел соғып, оңтүстікте шаңды дауыл және қатты жел болуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік пен солтүстік-батыста тұман түседі.
Ерекше ескерту: Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстік-батысында күндіз қатты ыстық күтіледі.
Өрт қаупі жоғары болатын өңірлер:
Төтенше өрт қауіпі:
Синоптиктер тұрғындарды ауа райы өзгерістеріне мұқият болып, сақтық шараларын сақтауға шақырады.