$ 514.5  582.67  6.35

Шымкентте 8 жасар қызды зорламақ болған ер адам қайта қамалды

Күдікті жәбірленуші қыздың артынан пәтердің кіреберісінде күтіп тұрып, азғындық әрекеттер жасаған.

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Шымкентте 8 жасар қызды зорламақ болған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін сот отырысында екінші сынып оқушысына тиіскен деген күдікке ілінген шымкент тұрғыны екі айға қамауға алынды. Қыз баланың адвокаты Талғат Есімовтің айтуынша, оқиға Шымкенттегі шағынаудандардың бірінде болған. Күдікті жәбірленуші қыздың артынан пәтердің кіреберісінде күтіп тұрып, азғындық әрекеттер жасаған.

Алайда 28 сәуір күні Шымкент қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолданудан бас тартқан. Бұл шешімге жәбірленуші тарап та, прокуратура да наразы болып, апелляциялық шағым түсірді.

Адвокат Талғат Есімовтің айтуынша, Шымкент қалалық сотының апелляциялық алқасы судья Қ. Қонырбаеваның төрағалығымен тергеу сотының қаулысын жойып, күдіктіні қамауға алу туралы жаңа шешім шығарды. Сот алғашқы инстанция айтқан заңбұзушылықтың негізсіз екенін ескеріп, күдіктінің 21 мамырда жартылай ашық түрмеден (колония-поселения) босатылуы тиіс болғанын назарға алды.

Айта кетейік, қудалау кезінде күдікті жартылай ашық түрмеде (колония-поселения) жазасын өтеп жатқан. Бұған қоса, ол осыған дейін ұрлық, тонау және жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері үшін төрт рет сотталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары