$ 510.59  578.91  6.37

Қазақстандық әскери қызметкерлер Мәскеудегі парадқа қатысады

Әскерилер Ресейге келіп те үлгерді. 

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметкерлер Мәскеуде Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәліметтерге сенсек, Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін парадта Қазақстанның 37-десанттық-шабуылдаушы бригадасының Панфилов атындағы салтанатты тобы сап түзеп өтпек. Әскерилер Ресейге келіп те үлгерді. Олар Волоколамск қаласындағы панфиловшылар музейіне барып, Нелидово ауылындағы бауырластар зиратына жерленген жауынгерлер рухына тағзым етті.

Мерекелік шараға президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады. Бұған дейін мемлекет басшысы елімізде Жеңіс күніне арналған шаралар 7 және 8 мамыр күндері өтетінін, содан кейін Мәскеуге баратынын айтқан еді.

"Ішкі шаралар аяқталғаннан кейін мен Мәскеуге жұмыс сапарымен барамын", – деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары