3 мамырда тұрғындар “Солдат” жағажайындағы су төгетін каналдан ондаған өлі шаяндарды байқаған.
Ақтау тұрғындары Каспийде жаппай қырылған итбалықтардан кейін енді өлі шаяндардың қаптағанына алаңдаулы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
3 мамырда тұрғындар “Солдат” жағажайындағы су төгетін каналдан ондаған өлі шаяндарды байқаған.
Ақтау тұрғындары қазір Каспий теңізі фаунасының жай-күйіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Теңіздегі тіршілік иелерінің өлекселері шығып жатқанын тұрғындар шоши хабарлауда. Алайда уәкілетті органдар олардың өлім себептері туралы толық жауап бермей отыр.
Маңғыстау облысының балық инспекциясы мен экология департаментінен әзірге түсініктеме күтілуде.