$ 516.16  584.86  6.25

Асылхан Төлепов лауазымды қызметке тағайындалды

Жаңа белестерге бірге жетеміз!

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Белгілі қазақстандық актер Асылхан Төлепов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

"Қазақстан таеквондо федерациясының мәдени интеграциялар бойынша арнайы өкілі атанғаныма қуаныштымын!

Бұл — мен үшін үлкен мәртебе. Себебі бұл ұйым тек спортты ғана емес, жас буынның рухын, тәртібін және отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп жатыр.

Кеше мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, біздің спортшылардың шеберлігіне және жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына куә болдым. Таеквондо — бұл жай ғана спорт емес, бұл болашағы зор қозғалыс.

@qaz.tkd Маған артқан сенімдеріңіз үшін алғыс айтамын. Жаңа белестерге бірге жетеміз!", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары