Енді жүйеден автоматты түрде шығу үшін қатарынан 6 ай бойы жарна төленбеуі керек.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтерді мазалап келген тағы бір түйткілдің шешілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Оның айтуынша, жазғы демалыста жүрген мұғалімдердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінен уақытша шығып қалуы енді қайталанбайды.
«Бұрын бухгалтерлер мамыр-маусым айларында үш айдың жарнасын бірден төлейтін. Ал жүйе мұны дұрыс түсінбей, бұл кезеңге төлем жасалмаған деп қабылдайтын. Осы қателік түзетілді», — деді депутат.
Енді жүйеден автоматты түрде шығу үшін қатарынан 6 ай бойы жарна төленбеуі керек. Аймағамбетов бұл өзгеріс тек мұғалімдерге емес, бүкіл ел азаматтарына қатысты екенін де атап өтті.