$ 512.32  582.92  6.29

«Екі адамды аман алып қалған»: Журналист марқұм Нұрқанаттың ерлігін айтып, марапаттауды ұсынды (ВИДЕО)

«Нұрқанатты халық батыры деп атақ береміз деп жүрген сол кезде сол бетімен қалып қалды».

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Журналист Бибігүл Дәулетбек Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанатқа арнап желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Мені қатты күңіренткен — Нұрқанаттың өлімі болды. Білмеймін неге екенін қатты жыладым осы азаматқа. Жаным ауырды. Өзі кеш үйленіп, енді өмірдің қызығын көремін дегенінде…

Бүгін осы Нұрқанат туралы сторисіме салған едім. Бұл жігіттің әріптестері тек жақсы пікірлерін жазуда. Өте аңқылдақ, тек күліп жүретін жайдарлы жан деп жатыр. Үнемі елге елпілдеп көмек көрсетіп жүреді екен. Қалжыңқой, ешқашан ешкімге ренжігенін көрген емеспіз деуде. Оқырмандарымның хаттарын оқып, тіпті мұңайып кеттім», — деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист өзіне келген хатты жария етті.

«Сол ұшақта менің күйеуім қаза тапты, Сонда естідім, бір фельдшер бала забордан секіріп түсіп, келіп дереу бір екпе салды деп қиналып хәл үстінде жатқан жігітке, егерде дер кезінде салынбағанда, сол жігітте жан тапсырар еді деп айтып еді біздің тергеу жасағандар, Нұрқанатты халық батыры деп атақ береміз деп жүрген, сол кезде сол бетімен қалып қалды», делінген хатта.

Нұрқанат қандай ерлік жасады дейсіздер ме?

Естеріңізде ме Алматы қаласының маңында 2021 жылы әскери ұшақ құлап, 4 адам қаза тауып, 2 әскери кісі аман қалғаны? Сол аман тапсырар еді деп айтып еді қалған екеуіне себепші болған осы фельдшер Нұрқанат Ғайыпбаев екенін бірі білсе, мыңы білмейді. Осы оқиға туралы күндіз Instagram платформасындағы сторисімде бөліскенімде, сол ұшақта қайтыс болған майордың жары марқұм Нұрқанаттың ерлігін жазды.

Мені оқып отырған құзырлы орындар болса, аса мән береді деп ойлаймын.

Тірісінде ала алмай кеткен марапатын ҚҰДАЙ ҮШІН қазір беріңіздерші?!

Марқұмның әруағы тынышталып, жаны жаннаттан болсын…

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары