$ 512.32  582.92  6.29

Талғарда бір топ адам жігітті аяусыз жабылып ұрған (ВИДЕО)

Оқиға 27 сәуір күні таңертең Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болғаны анықталды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жанжалдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда үш жігіттің бір адамды жабылып ұрғанын көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні таңертең Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болғаны анықталды. Бұл жағдай бойынша полицияға азаматтардан арыз немесе хабарлама түспеген.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көшедегі жанжалға қатысқан барлық тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданды. Күдіктілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады департаменттен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары