22.04.2025, 17:00

ҰҚК қызметкерінің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Pixabay

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылғаны туралы жазған едік. 

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің қаза болу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

— Мәйіттің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала берілген деректер бойынша 42 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада қаласындағы тұрғын үй кешені ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылғаны туралы жазған едік. 

 

Тегтер: мәйіт ҰҚК