Қоршаудың әр метріне 105 015 теңге жұмсалады.
Ақтөбе әкімдігі бюджет қаржысын тағы да тиімсіз жұмсап, оңды-солды шашуға кірісіп кеткен. Бұл туралы "Письма Президенту" телеграм арнасы жазды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Ақтөбе әкімдігі ұзындығы 688 метр болатын еш жері мұқалмаған қоршауды ауыстырмақшы. Қоршаудың әр метріне 105 015 теңге жұмсалады. Жалпы құрылысқа халық игілігі үшін бөлінген 67 млн теңге кетпек.
"Письма Президенту" телеграм арнасының жазуынша, Ақтөбе өңірінің атқамінерлері Президенттің бюджет қаржысын үнемдеу керек деген тапсырмасын керісінше орындап жүр.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласының кей көшелерінде автобус күтетін аялдама жоқ екенін жазған болатынбыз. Бұл - қалада қоршаудан да өзекті, кезек күттірмейтін мәселелер баршылық екенінің дәлелі.