$ 512.32  582.92  6.29

«Қыста киімсіз аулада ұстаған»: Павлодарда пансионат қызметкерлері 84 жастағы қарияны қорлаған

Кінәлі адамдар анықталған. 

Фото: Трибун
Фото: Трибун

Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас прокуратураның ақпаратынша, мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсізді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.

«Жәбірленушілердің бірінің жасы - 84-те.

Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.

Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары