$ 441.44  473.09  4.75

15 сәуірде ауа райы қалай құбылады?

Әсіресе еліміздің оңтүстігінде қатты жел соғады

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК 15 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. 

"Атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-дың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы әлі де сақталады. Еліміздің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, еліміздің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түсу, қатты жел сынды ортақ табиғи құбылыс сипат алады, әсіресе еліміздің оңтүстігінде қатты жел соғады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Сондай-ақ, алдағы үш күнде Қазақстанның ірі үш қаласында да жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел соғады деп болжанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары