$ 505.17  599.54  6.59

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Гонсало Эскобармен (эквадор) бірге, алғашқы кездесуін өткізді.

Фото: prosport.kz
Фото: prosport.kz

Акапулькода ATP-500 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Гонсало Эскобармен (эквадор) бірге, алғашқы кездесуін өткізді.

Бастапқыда Қазақстан-Эквадор жұбы Макс Персел/Джордан Томпсонмен кездесуі керек еді, алайда аустралиялықтар соңғы сәтте турнирден шығып қалды. Олардың орнын жергілікті ойыншылар Эмилиано Агилера/Мануэль Санчес (LL) алды. Недовесов пен Эскобар мексикалықтарды еш қиындықсыз 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Екінші кездесуде (1/4 финал) Александр мен Гонсало Франциядан төртінші орын алған Садио Думбия/Фабьен Ребульмен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#теннис