08.03.2023, 07:30

8 наурызда ауа райы күрт бұзылады

Фото: Pixabay
Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 7-8 наурыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жауын-шашын мол түседі, екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Қазақстанның басым бөлігі әлі де Каспий теңізі аудандарынан келетін циклонның ықпалында болады, осыған байланысты елдің көп бөлігінде - солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республиканың батысында ғана антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады", - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында, шығысында, орталығында аздаған қарлы боран соғады. Республиканың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.