$ 458.57 € 501.54 ₽ 5.57

«Ешқандай кешірім қабылдамаймын!»: Тұрсынбектің екінші әйелі желідегілерді сотқа бермек

Ол бұған дейін біраз уақыт үнсіз болғанымен, енді құқықтық тұрғыда әрекет ететінін мәлімдеді.

Фото: t_a_a_d_s/instagram.com
Фото: t_a_a_d_s/instagram.com

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өз атын, суреті мен видеосын рұқсатсыз пайдаланған бірнеше адамның үстінен заңды шара қолдануға ниетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бұған дейін біраз уақыт үнсіз болғанымен, енді құқықтық тұрғыда әрекет ететінін мәлімдеді.

Айман Талғатқызының айтуынша, адвокаты, сарапшы, нотариус және IP-мекенжайларды анықтайтын органдар арқылы қажетті материалдардың барлығы тіркелген. Сондай-ақ Threads, Instagram, TikTok және басқа да әлеуметтік желілердегі жарияланымдар да құжатталған.

«Адвокатым, эксперт, нотариус, IP-ді анықтайтын орган – бәрін тіркеп, Threads, Instagram, TikTok желілерінің барлығын фиксациялап алғанша үндемедім. Ал енді ұйқыларың тыныш болсын! Жанталасып комментарийлеріңді өшіріп жатырсыңдар. Ешқандай кешірім қабылдамаймын», – деді ол.

Өнер иесінің әйелі бірнеше жалған аккаунттың скриншоттарын да жариялап, олардың иелеріне ескерту жасады. Оның сөзінше, кейбір адамдар әрекеттерінің заңдық салдары болуы мүмкін екенін біле тұра, мұндай жарияланымдарды тоқтатпаған.

«Осылар да тізімде барсыңдар. Оның үстіне, әрекеттеріңнің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін біле тұра, тоқтамадыңдар. Маған да еріншектік жат емес. Қалай өзгертсеңдер де, қайда тығылсаңдар да, енді кеш», – деп қатуланды Айман Талғатқызы.

Ол өз атын, фотосын, видеосын және басқа да жеке материалдарын әлеуметтік желілерде рұқсатсыз пайдаланғандардың әрекетін нотариус арқылы тіркеп, тиісті құжаттарды жинап жатқанын айтты.

Сондай-ақ TikTok-та оның атынан фан-парақша ашып, жұрттың ашу-ызасын тудыратын контент жариялап, өзін Айман Талғатқызы ретінде көрсетіп жүрген аккаунттың иесіне қатысты да заң аясында жауапкершілік мәселесі қарастырылмақ.

«TikTok-та менің атымнан фан-парақша ашып, халықтың ашу-ызасын тудыратын контент жариялап, мен болып көрініп жүрген парақша иесіне қатысты заң аясында жауапкершілік мәселесі көтеріледі. Үндемегенімді әлсіздік деп ойламаңдар. Бықсып болған шығарсыңдар!» – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0