25.11.2026, 21:30

«Маған ізбасар керек деді»: Танымал блогер қыз болып туылғаны үшін әкесі тастап кеткенін айтты (ВИДЕО)

Фото: Әлеуметтік желіден

Блогер Камила Әділхан балалық шағы мен өміріндегі ауыр кезеңдер туралы айтып, көпшілікпен жеке оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, әкесі қыз болғаны үшін өзін тастап кеткен. Камила анасы екеуінің өмір жолы мотивациялық фильмге арқау боларлықтай екенін жеткізді.

Блогер әлеуметтік желіде күнделікті макияж жасап отырып, өзі туралы төрт қызықты дерекпен бөлісетін жаңа айдарын бастаған. Ал келесі видеода әкесінің өз өміріне қалай әсер еткенін баяндауға уәде берді.

Камила оқырмандарымен жақынырақ танысып, бұрын көп айтыла бермеген өмірінің қырларын ашқысы келетінін айтты.