25.11.2026, 16:40

«Жүзге келіп өліңдер»: Тойда тілек айтқан Нұржан Төлендиев сынның астында қалды

Фото: Видеодан алынған кадр

Өнер иесі алдымен әнші Алтынбек Қоразбаевқа тілегін арнап, кейін Мақсат Базарбаев пен жұбайына қарата сөз сөйледі.

Әзілкеш Нұржан Төлендиев Мақсат Базарбаевтың туған күнінде айтқан тілегі үшін сынға қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі алдымен әнші Алтынбек Қоразбаевқа тілегін арнап, кейін Мақсат Базарбаев пен жұбайына қарата сөз сөйледі.

«Бұл кісіге біз майда-шүйдеміз ғой. Майда-шүйдеден шығады екен. Көке, аман болыңыз. Сіздің жасыңызды, абыройыңызды берсін. Соны айтайын дегенмін ғой. Мәке, жеңешем екеуің жүзге келіп өліңдер», – деді ол тойда.

Алайда әзілкештің бұл сөзі көпшілікке жақпай қалды. Желі қолданушылары оның тілегін орынсыз деп бағалап, сынға алды.

«Осындай тілек бола ма, мәдениет жоқ», «Құрметтеп қонақ еткен адамға дұрыс тілек айтса қайтеді?», «Сандырақтап кетті», «Неге өлімді көп айтып кеттіңіздер?» деп жазды олар.