Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова "Кешью" тобының бұрынғы солисі Айдана Меденованың сахналық образын аямай сынап тастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мақпал Жүнісоваға Меденованың сахналық жабысқан киімі ұнамай қалған.
"Мен мұндай лосинамен үйде уборка жасаймын", деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің пікірін ұнатып, мыңдаған лайк басқан.