25.11.2026, 10:20

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі жанкүйерлері әуежайдан ерекше ықыласпен қарсы алды (ВИДЕО)

Фото: dimashnews.com

Олар бұл кездесуге арнайы дайындалып, оны әсерлі әрі есте қаларлықтай өткізуге күш салды. Димаш көрінген алғашқы сәттен-ақ әуежайда құттықтау лебіздері мен ду қол шапалақ орнады. Жанкүйерлер әншінің есімін бір дауыспен ұрандатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Чилилік Dears қолдарына плакаттар мен жалаулар ұстап, әншіні жылы жүзбен қарсы алды. Олар Димашқа испан тілінде сәлем жолдап, оған деген сүйіспеншілігін білдірді. Көпшілігі көптен күткен осы кездесуді естелікке түсіріп алуға тырысты. Әуежайда қайта-қайта жаңғырған «¡Dimash! ¡Dimash!» және «¡Bienvenido a Colombia!» («Колумбияға қош келдіңіз!») деген дауыстар күтіп алу сәтін мерекеге айналдырды.

Чили жұртшылығы Димаштың жеке концертін алғаш рет тамашалайды. Көптен күткен бұл музыкалық кеш DIMENSIONS әлемдік турының тағы бір маңызды белесі болмақ.