$ 458.28 € 501.45 ₽ 5.59

«Бар жақсылыққа лайықсыз»: Роза Әлқожа қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Енді темір тұлпарын жаңартудың сәті түскен. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Роза Әлқожа қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көлігін жаңартқанын хабарлады.

Әншінің айтуынша, бұған дейін жол үстінде көлігі бұзылып, біраз қолайсыз жағдайға тап болған. Енді темір тұлпарын жаңартудың сәті түскен.

«Өткенде көлігім жолда бұзылып, біраз сөзге қалып ем. Жаңартудың сәті енді түсті!

Toyota Центр Жетысу ұжымына мың алғыс!

Құтты болсын деп қойыңыз, жұғысты болсын сізге де!» – деп жазды Роза Әлқожа.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жаңа көлігі құтты болсын деген ақжарма тілектерін жаудырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0