24.11.2026, 16:40

«Созып жіберген, динамика жоқ»: Дархан Мұсабаев Бадықованың жаңа фильмін сынап тастады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Сондай-ақ Мұсабаев фильмнің қарқынына қатысты пікір айтып, актерлік құрамды жоғары бағалады.

Дархан Мұсабаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмін көріп, өз пікірін айтты. Ол картинада құтқарушылардың еңбегі жақсы көрсетілгенін, бірақ оқиға созылып кеткенін атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мұсабаевтың айтуынша, фильмде құтқарушылардың өзгенің өмірі үшін басын қатерге тігетіні де, олардың қызметтен тыс өмірі де жақсы көрсетілген.

«“Соңыра” фильмін көріп шықтым. ТЖМ, өрт сөндіру, жалпы барлық құтқарушылардың мәртебесі көтеріліп қалды деп ойлаймын. Ол кісілер басқаның денсаулығы үшін, өмірі үшін өз өмірін қатерге тігетінін керемет жеткізген. Олар да жеке өмірі бар екенін жақсы жеткізген», – деді ол.

Сондай-ақ Мұсабаев фильмнің қарқынына қатысты пікір айтып, актерлік құрамды жоғары бағалады.

«Бір қысқа, жұмыр дүниені созып жіберген сияқты. Динамика жоқ. Актерский состав өте мықты», – деді Мұсабаев.