24.11.2026, 09:40

«Ауызға келгенді құса бермеу керек»: Актриса Ақерке Мереке Қалбаева жайлы пікір білдірді

Коллаж: Caravan.kz

"Қазір Мерекенің киносын жамандап жатқан адамдар бар".

Танымал актриса Ақерке Арыс блогер Мереке Қалбаева мен оның жақында шыққан киносына қатысты шуға пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол кино төңірегінде шыққан шу туралы өз пікірін ортаға салды.

«Қазір Мерекенің киносын жамандап жатқан адамдар бар. Біздің елге, Threads-ке тек өсек керек, біреудің құлағаны, біреудің жылағаны керек. Әйтеуір бір тема табылса болды, соны шығара беру керек қой. Бәрі киноны «КВН»-щиктер түсіріп кетті деп жатыр.

«Заманback-ті» де КВН-щиктер, әншілер түсіріп жатыр. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» демекші, «Ойбай мен «КВН»-щик екенмін деп, мен кино түсірмеуім керек» деп айту керек пе? Постерге тиісіп жатыр. Жамандап жатқан адамдар, сол киноға барып та көрген жоқ.

Кіріп те көрген жоқ, жарты сағат отырып та көрген жоқ. Сыртынан бірдемені айта береді, ондай болмайды ғой. Шамалы айтады деген сайын, ауызға келгенді құса бермеу керек қой», — деді ол.

Айта кетейік, Мереке Қалбаева жақында «Махаббат жасқа қарамайды» фильмінің тұсауын кескен еді. Көпшілік оның бұл туындысын қатаң сынға алып, желіде теріс пікірлерін жазып жатыр.