Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазанда Түркістан облысы Созақ ауылындағы өз шаңырағында өткен.
«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев марқұм анасы Ұлтай Мырзамбекқызын еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі видео жариялады. Өнер иесі жазбасында анасыз өткен 40 күннің ауыр екенін жеткізген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жарияланған бейнежазбада әншінің зират басында жүргенін көруге болады. Видеода Үкітай Ерниязовтың «Анасы жоқ адамдар» әні қойылған.
«Анашымсыз өткен қырық күн», – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Еске салайық, 13 қазанда әнші Instagram парақшасында анасы Ұлтай Мырзамбекқызының дүниеден өткенін хабарлаған еді. Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазанда Түркістан облысы Созақ ауылындағы өз шаңырағында өткен.