20.11.2026, 15:20

«Уайымдап біттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлының денсаулығы жайлы айтты

Фото: видео скриншот

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының денсаулығына алаңдап, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі үлкен ұлы Нарұлдың соңғы уақытта жүрегіне шағымданып жүргенін айтты.

«Соңғы уақытта Нарұл жүрегіне шағымданып жүр. Кейде тез соғып тұрғандай, кейде керісінше сезінемін дейді. Уайымдап біттім», – деп жазды актриса.

Кейін дәрігердің қабылдауында болғанын,  тексеріс нәтижесінде ұлының денсаулығында алаңдайтындай ештеңе жоқ екенін мәлімдеді.