"Дипломды құнсыздандырып тұр ма сонда?"
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол дипломды бір жапырақ қағазға теңеп, оның ештеңе шешпейтінін жазған.
"Менің жасым 23 те! Аллаға шүкір 3 балам бар. Оқуды емес отбасы болуды таңдадым сол сәтте! Оқу, білім алу ешқашан да кеш емес және одан қашпаймын. Бірақ сендер ойлаған 1 қағаз диплом ештеңені шешпейді. Потенциалың жоқ болса 10 дипломың болса да көмектеспейді! Дипломым жоқ – бизнесім бар Дипломым жоқ – табысым бар Көзім ашық – көкірерім ояу шүкір! Күнделікті даму үстіндемін", - деп жазды ол.
Динаның бұл сөздері желіде қызу талқыға түсіп, сынға ұшырады.
"Дипломды құнсыздандырып тұр ма сонда? 4 жыл оқып алған еңбегіміз ше? Дәрігерлердің еңбегі ше 10 жыл оқыған?", "Диплом алып оқымаса, мұғалімдерсіз, дәрігерлерсіз қалатыны басына кірмейді ме сонда?", "Оқыған мен оқымаған адамның арасы жер мен көктей", "Университет қабырғасында адамның ой-санасы басқаша қалыптасады бәрібір", "3 бала туғанымен мақтанып отыр ма?", "Бәріне жақсы болды ғой бір жапырақ қағаз деп", "Қызылорданың қыздарына не болған", - деп жазды оқырмандар.