20.11.2026, 12:40

«Әлі жалдамалы пәтерде тұрамыз»: Олжас Абайдың экс-әйелі мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Бұған жауап берген Аймира әзірге ештеңе өзгермегенін жеткізді. 

Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аман экс-күйеуінің балаларына пәтер алып беру туралы берген уәдесі әлі орындалмағанын айтты. Оның сөзінше, әзірге балаларымен бірге бұрынғыдай сол пәтерде тұрып жатыр. Бұл туралы ол Qoslike бағдарламасында әңгімеледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко Аймира Аманнан Олжас Абай балаларына жеке пәтер алып берді ме деп сұрады.

Бұған жауап берген Аймира әзірге ештеңе өзгермегенін жеткізді. Сондай-ақ актердің уәдесінде тұруын уақыт көрсететінін айтып, бұрынғы күйеуінен балалары үшін қолдау күтетінін жасырмады.

«Қазір де сол пәтерде тұрамыз. Әкесі оны қай уақытта алып беріп, қаншалықты сөзінде тұратынын уақыт көрсетер. Мен үшін емес, балалар үшін барын салып, көмектеседі деп ойлаймын. Күндердің күнінде», – деді Аймира Аман.

Айта кетейік, бұған дейін Олжас Абай Аман Тасығанға берген сұхбатында бірінші отбасымен арадағы мәселелердің реттелгенін және әкелік парызын өтеп жүргенін айтқан болатын.