$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

«Өзімді тануға тырысамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарды (ФОТО)

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл сауалдың өзі үшін де маңызды екенін жеткізді. 

Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін тану, ішкі ізденіс және адам болмысы туралы ой қозғады. Өнер иесі сахнадағы рөлдері мен үнсіз қалған сәттері арқылы өзін тереңірек түсінуге тырысатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Актриса Instagram парақшасында оқырмандарына ой салатын сауал қойып, жазбасын адамға көңіл бөлудің маңызынан бастаған.

«Айналадағы адамыңызға қашан соңғы рет ықыласпен көңіл бөлдіңіз?» – деп жазды ол.

Сондай-ақ өнер иесі Мағауин, Марк Аврелий, Ницше мен Монтеньнің еңбектерін мысалға алып, адамның өзін тануға деген талпынысы ғасырлар бойы өзекті болып келе жатқанын атап өтті.

«Мағауин «Мен» деді. Марк Аврелий өзімен сырласты. Ницше Заратустраны сөйлетті. Монтень өзін зерттеді. Ғасырлар ауысты. Бірақ адамзаттың ең күрделі сұрағы өзгермеді: «Мен кіммін?»» – деп бөлісті актриса.

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл сауалдың өзі үшін де маңызды екенін жеткізді. Оның сөзінше, өзін тану жолындағы ізденісі әлі де жалғасып келеді.

«Үнемі ізденіс үстіндемін. Кейде сахнадағы кейіпкерім арқылы, кейде үнсіз қалған сәттерімде өзімді тануға тырысамын. Өйткені адам үшін ең ұзақ сапар — өзіне қарай», – деп түйіндеді Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0