17.11.2026, 11:40

«Халықтың шын бағасы»: Той үстінде Мөлдір Мұқанға атып тұрып алғыс айтқан ел ағасы көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

Фото: Бейнежазбадан

Продюсер Мөлдір Мұқанға ел ағаларының бірі той үстінде алғыс айтып, шексіз құрметін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде өзінің ұзату тойынан видео бөліскен Дина Ораз есімді журналистің видеосы тарады. Автор онда өзінің ұзату тойында продюсер Мөлдір Мұқанға деген елдің ықыласымен бөліскен. 

«Ұзатуымның контенті бітер емес Бірақ ағамыздың @moldir.mt -ға деген мына бір ерекше ықыласы мен ақ тілегін бөліспей кету мүмкін емес. Осындай шынайы құрметтің өзі бір ғанибет қой», — деп жазған ол. 

Ал видеодағы, ел ағасы өзінің ізгі тілегін халықтың атынан жеткізіп, көптің ыстық ықыласына бөленген. 

«Көбін сыртынан, теледидар арқылы білемін. Көрген кезде қуанып қаламын. Әсіресе, Мөлдір Мұқанға айттым: «Біз сені жақсы көреміз, бақытты бол, айналайын» дедім. «Жүз жасап, үбірлі-шүбірлі болып, елге қызмет істей бер» деп айттым. 

Мені танымайды ол, бірақ мен халықпын», — деді ол.