18.11.2026, 05:30

«Умра оған не керек?»: Тұрсынбек Қабатовқа жасалған сый қызу талқыланды (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Ол сол кездегі оқиғаны еске алып, анасының туған күнін ұйымдастыруға қалай бел буғанын да айтып берді. 

Танымал кәсіпкер Әділет Байнашев әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа 10 жыл бұрынғы жақсылығы үшін алғыс айтып, Умра қажылығына жолдама сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алайда кәсіпкердің бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің пікірі екіге бөлінді.

Кәсіпкердің айтуынша, осыдан он жыл бұрын анасының 54 жас мерейтойын Тұрсынбек Қабатов ақысыз жүргізіп берген. Сол кездегі жақсылығын ұмытпаған Әділет Байнашев араға жылдар салып, оған ерекше сый жасауды жөн көрген.

Ол сол кездегі оқиғаны еске алып, анасының туған күнін ұйымдастыруға қалай бел буғанын да айтып берді.

«Ағам тегін жүргізіп беремін деді. Нартәуекел деп тақырып тауып алдым өзім. 2-3 күн ойланып, “Анамның барына Аллаға шүкір” деп қойдым», – деді кәсіпкер.

Кәсіпкердің бұл сыйлығы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі оның жасаған жақсылығын жоғары бағаласа, енді бірі Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты пікір білдірді.

Желі қолданушыларының жазбаларынан: «Жіберіңіз, есі кіріп қалар», «Жарайсың, Әділет!», «Әйелі көргенді екен», «Қатыны мен балаларын тастаған еркекке не Умра керек?», «Аш кездегі жақсылық ұмытылмайды», «Кино көргендей болдым» - деді, көпшілік.