Айта кетейік, Айгерім Саркенова – Нұртас Айдарбековтің ұлы Аянның жары.
Танымал әнші Қайрат Нұртастың әулетіне келін болған Айгерім Саркенова әлеуметтік желіде жариялаған видеосымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрларда ол қайын атасы Нұртас Айдарбеков пен туған әкесінің ортасында еркелеп, екеуіне де қызықты сауал қойған.
Айгерім екі әкесінен келін түске дейін ұйықтап, тамақ дайын болмаса, не істейтіндерін сұраған. Туған әкесі «Ұйықтасын» деп жауап берсе, қайын атасы Нұртас Айдарбеков те келінін жақтап, әзілге басқан.
«Ұйықтасын, кейін келін аласыз ғой. Мал бағып шаршап жүр ғой, ұйықтасын», – деп жауап берген ол.
Желі қолданушылары видеодағы отбасылық жылылық пен әзілге тәнті болып, жас келіннің екі әкесіне де бірдей жақын екенін ерекше атап өтті.
«Екі әкесіне еркелеп тұр, өте жарасымды», «Қандай керемет, екі әкесінің ортасында бақытты болсын», «Осындай сыйластық көп отбасында болса ғой» деген пікірлер жазылған.
Айта кетейік, Айгерім Саркенова – Нұртас Айдарбековтің ұлы Аянның жары.