$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

«Келінді өзі таңдаған»: Қайрат Нұртастың әкесі келініне қатысты құпиясын ашты (ВИДЕО)

Желіге жүктеген видеосына ол әзіл аралас жазба қалдырған.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желіде кенже келіні Индира туралы жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Ол ұлы Заңғар Нұртастың болашақ жарымен алғаш рет билеген сәтінен видео жариялаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіге жүктеген видеосына ол әзіл аралас жазба қалдырған.

«Жақалақамның алғашқы танысу биі ғой, шешесін де осылай тас қылып едім заманында», – деп жазды Нұртас Айдарбеков.

Әншінің әкесінің бұл жазбасы желі қолданушыларының көңілінен шығып, қызу талқыға түсті. Көпшілік оны келіндеріне ерекше құрметпен қарайтын қайын ата ретінде сипаттап, жылы лебіздерін білдірген.

«Келініңізді өзіңіз таңдапсыз ғой, керемет атасыз», «Дана, ақылды, келіндеріне қызындай қарайтын әкесіз ғой, қайын аталардың бәрі сіздей-ақ болса», «Индира келініңіз өте әдемі, сыпайы қыз, бақытты болсын», – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0