$ 451.87 € 507.31 ₽ 5.53

«Бәрінің қалауын мен шешемін»: Төреғали Төреәлінің анасының сөзі желіде қызу талқыға түсті

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әнші Төреғали Төреәлінің анасы Аягөз ханымның сөзі желіде ел назарына ілікті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің қарындасы Фариза Төреәлі желіде анасы және сіңлісімен танымал трендті түсірген. Онда видеода анасы мен Дина Төреәлі 23 жасында не істегендері туралы айтып береді. Әншінің анасы Аягөз ханым 23 жасында өз қалауы болмағанын, күйеуінің қалауымен жүргенін ашық айтқан. 

«23 жасымда өз қалауым болған жоқ. Өзімнің әке-шешемнің үйінде солардың қалауымен жүрдім, күйеуге тигеннен кейін күйеуімнің қалауымен жүрдім.

Қазір айналып-айналып келіп, 55 жасқа келгенімде, бәрінің қалауын мен шешіп отырамын. Әрине айтайын, әркімнің өз қалауын, өз шешімін сыйлаймын. 

Абьюзер емеспін, бірақ сәл шектен шығып бара жатса, бәрін орнына қойып қоямын», — деді ол. 

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі продюсер Жан Мұқановпен болған шудан кейін қайта сахнаға оралған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0