Актердің сөзінше, той қарсаңында екеуінің арасында түсініспеушілік болған.
Актер Олжас Абай актриса Дариға Бадықоваға деген сезімі мен отбасын құруға қалай шешім қабылдағаны туралы әңгімеледі. Өнер иесі бұл жайында журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Актердің сөзінше, той қарсаңында екеуінің арасында түсініспеушілік болған. Алайда ол Дариғасыз өмірінің қызықсыз болып қалғанын түсініп, қарым-қатынасты сақтап қалуға шешім қабылдаған.
«Той болардың алдында ұрысып қалдық. Қой, талай аттан құлағанбыз дедім. Бұрынғыдай қайғы, мұң болып жататын уақыт жоқ. Әрі қарай ісіме кірісейін дедім. Аллаға шүкір, қазір жағдайымыз жақсы. Көлігің де бар, халқың да, қошеметің де, атақ-абыройың да бар. Жүріп кете берсең де болады. Бірақ орнынан ештеңе қозғалмай қалды. Әлем де, ғалам да қызық емес болып қалды. Менің адамым ба деп сол кезде түсінген сияқтымын, ештеңе қызық болмай қалды. Қой құрсын, шешейін, той қылайын», – деді актер.