$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

«Балалар әкесіне зар»: Динара Қырықбаева алғаш рет бұрынғы күйеуі туралы жан сырын ақтарды

Мен үшін сендер өмірімнің ең қымбат сыйысыңдар.

Фото: Instagram/kyrykbayeva
Фото: Instagram/kyrykbayeva

Әнші Динара Қырықбаева желіде бұрынғы күйеуі мен балалары туралы сыр шертті. Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Қыздарымның «Иә» дегені менің бақытты болғанымды қалағаны… Ал ұлымның «Жоқ, сен мені жақсы көрмей кетесің ғой» дегені жүрегіме тиді… Балам-ау, сен менің жүрегімдегі орныңды ешкімге бермейсің ғой. Қанша жерден өмірім өзгерсе де, сендерге деген махаббатым ешқашан өзгермейді.

Мен сендердің тек бақытты болғандарыңды ғана емес, өзімнің де бақытты болғанымды көрсе екен деймін. Бірақ бір нәрсені ұмытпаңдаршы, балапандарым: ана жүрегіндегі әр баланың орны бөлек, ешкім ешкімнің орнын баса алмайды.

Мен үшін сендер өмірімнің ең қымбат сыйысыңдар. Ал менің бақытты болуым сендерге деген махаббатымның азаятынын білдірмейді. Сендерді кеше де, бүгін де, ертең де шексіз жақсы көремін», — деп жазды ол. 

Көпшілі әншіге қолдау көрсетіп, желіде жылы тілектерін жаудырып жатыр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0