$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

«Көрермен білмеуі керек»: Айгүл Иманбаеваның төбелесіп жатқан видеосы тарады (ВИДЕО)

Айгүл Иманбаева жас өнерпаздарға қол тигізбей-ақ шапалақпен ұру техникасын көрсетті. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның жастарға сахнада төбелесу өнерін көрсетіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбадан актрисасның жас актерлерге сабақ беріп жатқанын көруге болады. 

"Актерлік шеберлікте сахна қозғалысының осындай элементтері ауадай қажет болады. Вокал, би, актерлік шеберлік және сахна тілі бағыттары бойынша кәсіби білім алып, сахна тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бар", - делінген видео жазбасында.

Сонымен қатар, Айгүл Иманбаева жас өнерпаздарға қол тигізбей-ақ шапалақпен ұру техникасын көрсетті. 

«Шапалақтың тиюін ойнатасың. Бірақ техникалық тұрғыдан менің қолым саған тимейді. Серіктесіңді сезіну маңызды. Сенің абайсызда ұратыныңды көрермен білмеуі керек», – деді Айгүл Иманбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0