27.10.2026, 12:40

«Күліп жүрші»: Олжас Абай Дариғаға махаббатқа толы жазба арнады (ФОТО)

Фото: Инстаграм

Өнер иесі жазбасы арқылы жұбайына деген сезімін білдірді. 

Жақында ғана отау құрған актер Олжас Абай жары Дариға Бадықоваға арнап жүрекжарды өлең жолдарын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі жазбасы арқылы жұбайына деген сезімін білдірді.

«Күліп жүрші, Саған жарасады. Сен күлсең, біразы адасады. Күліп жүрші, Еңсеңді тік көтеріп Күлімдесең, Құдай да қарасады…» – деп жазды актер.

Желі қолданушылары Олжас Абайдың жарына арнаған өлеңіне назар аударып, продюсер Дариға Бадықованың бақыттан басы айналып жүргенін жазды.