"Күз ешкімді аямады".
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жариялаған жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі жеке парақшасында қысқа әрі астарлы мағынасы бар жазба қалдырған.
«Әуелі төсек, сосын бесік тербеледі», – деп жазды әнші.
Төреғали Төреәлінің бұл сөзі желі қолданушыларының әртүрлі пайымына негіз болуы мүмкін.
Дегенмен әншінің нақты қандай жағдайды меңзегені және бұл жазбаны қандай мақсатпен жариялағаны әзірге белгісіз.
Жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
"Толқыны, телефонын алып қоясыз ба ағаның", "Күз ешкімді аямады", "Өзіңдей Қайратқа қарашы", "Әңгімесі төсектің айналасында екен ғой", "Ұят болды не болса да", - деп жазды оқырмандар.