$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

«Иттік жасағанына налыдым»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі үйлену тойға пікір білдірді (ВИДЕО)

"Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаев бұрынғы әйелінің тойы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол НТК арнасындағы “Не дейді” бағдарламасында айтты. 

”Адамзат 3 нәрсені ұмытпайды дейді ғой. Мен өзіме тиесліні айтайын. “Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым. Ал былай Аллаға аманттап тастағанмын, дұғамды тіледім. Қайта қуанып жатырмын, сол ғана”, — деді актер.

Актер өзіне жағымсыз пікірді көп жағдайда әйел емес, ерлер қауымы жазатынын айтып өтті. 

”Көбінесе негативті жазатын ер азаматтар екен, соған жүрегім ауырды. Болмайтын нәрсе, “бүйтіп қалдың ба, сүйтіп қалдың ба” деп болмайтын нәрсені ер азаматтар жазады екен. Ер азаматтарымыз сондайды қойса екен, әйелдер қауымы аз жазады. Жоқтың қасы десе де болады. Әйелдер бір-бірімен таласып отырады”, — деді Дархан Мұсаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0