$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

«Әңгімелері төсектен аспаған»: Жігер Ауыпбаев пен жарының видеосы желіде дау тудырды (ВИДЕО)

Көпшілік мұндай тақырыптардың әлеуметтік желіде, әсіресе тікелей эфир кезінде ашық талқылануына қарсылық білдірді. 

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok-тағы ашық әңгімелері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ерлі-зайыптылардың жеке өмірге қатысты, соның ішінде төсек тақырыбын қозғайтын контенті бірқатар желі қолданушысының наразылығын тудырған. 

Көпшілік мұндай тақырыптардың әлеуметтік желіде, әсіресе тікелей эфир кезінде ашық талқылануына қарсылық білдірді. Оқырмандардың пікірінше, мұндай контентті балалар да көруі мүмкін, сондықтан эфир мәдениеті мен жарияланатын тақырыптарға жауапкершілікпен қарау қажет.

«Бұл видеоларды жас балалар да көреді, ұлттық тәрбие қайда кетіп барады?», «Эфир мәдениеті сақталуы тиіс», «Хайп үшін шектен шығуды тоқтату қажет» деген пікірлер айтылды.

Желі қолданушылары отбасының ішкі мәселелері мен ерлі-зайыптылар арасындағы жеке қарым-қатынасты көпшілікке жария етудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай тақырыптар жеке кеңістікте қалуы тиіс. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0