$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

«Ең үздік түсірілім топтарымның бірі»: Джеки Чан Қазақстанға алғыс айтты (ВИДЕО)

Тек өзім екі рет жарақат алып, сүйегімді сындырып алдым.

 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әйгілі актер әрі режиссер Джеки Чанның «Доспехи Бога: Ультиматум» халықаралық киножобасының Қазақстандағы түсірілім жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі мен жоба авторларының қатысуымен өткен баспасөз брифингінде мәлім болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Брифинг барысында фильмде басты рөлді сомдаған Джеки Чан Қазақстандағы түсірілім жұмыстары, отандық киногерлермен бірлескен жұмыс және түсірілім алаңында болған қызықты сәттер туралы айтып берді.

Актердің айтуынша, Қазақстандағы түсірілім жұмыстары кеше толық аяқталған.

«Кеше біз фильмді толығымен аяқтадық. Фильмнің түсірілімі басталған сәттен соңғы күнге дейін түйгенім – бұл менің осы уақытқа дейін бірге жұмыс істеген ең үздік түсірілім топтарымның бірі.

Әдетте біз Қытайдан, Гонконгтан тыс жерде, басқа елде фильм түсіргенде, үкімет қанша қолдау көрсетсе де, түсірілім барысында түрлі мәселелер туындап жатады. Ал Қазақстанда іс жүзінде ешқандай кикілжің болған жоқ.

Тек өзім екі рет жарақат алып, сүйегімді сындырып алдым.

Қазақстан үкіметіне, арнайы полиция қызметкерлеріне, қауіпсіздік мамандарына, бүкіл түсірілім тобына – баршаңызға үлкен алғыс айтамын», – деді Джеки Чан.

Ол сондай-ақ қазақстандық мамандармен бірге жұмыс істеу тәжірибесін жоғары бағалап, түсірілім жұмыстарының ұйымдастырылуына ризашылығын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0