Бұл әрекет желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.
20 жылдық концерттің сахна сыртындағы сәттерін көрсеткен Элизат Берікова әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншінің концертке дайындық барысынан жариялаған видеосындағы бір көрініс көпшіліктің назарын ерекше аударған. Кадрда Элизат микрофонды кеудесіне қысып қойған.
Бұл әрекет желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбір оқырман әншінің қылығын орынсыз деп бағалап, сынға алды.
«Арманы жоқ шығар», «Қоятын жер жоқ па?», «Жалаңбұт отыра салмады ма?», «Тәртіпсіз бен тексіздер заманы болды, мына Instagram мен TikTok арқылы сөзім жоқ», «Мынау тұрмысқа шыққан ба? Шықпаған болса ешкім алмайды», «Мәдениетсіздік», «Өнерге деген құрметсіздік!», «Ұятсыздық!» деген пікірлер жазылған.
Сондай-ақ кейбір желі қолданушылары әншінің жеке өміріне қатысты сұрақ қойып, оның отбасылық жағдайын талқылаған.