$ 446.56  512.34  5.3

«Біраз жасқа келгенде ашық айтуыма болатын шығар»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

Үнемі жақсы сөзбен демеп, мақтап отырады.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Белгілі сазгер, әнші Төлеген Мұхамеджанов қартайса да әйеліне әлі күнге ғашық екенін ашық айтты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иелері өмірде де бір біріне қолдау көрсетулерін ешқашан қоймаған. Үнемі жақсы сөзбен демеп, мақтап отырады.

«Нұржамалдың дауысына ғашық болғам ең әуелі. Сол ғашықтығым әлі күнге дейін өмір сүріп келе жатыр. Адами қасиеттері жоғары. Қазақтың қызы қандай болу керек? десе, осы Нұржамалдай болу керек дер едім. Бұл мақтағаным емес, әдетте ер адам өзінің жұбайын көп мақтай бермейді ғой, десе де біраз жасқа келгенде ашық айтуыма болатын шығар», — деді Төлеген Мұхамеджанов.

Қазақстан мәдениеті мен өнерінің мақтанышы, танымал жұлдызды жұп Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаева өмірде де, өнерде де бірге келе жатыр. Әншінің жұбайы да күйеуі өзін үнемі қолдайтынын айтты.

«Біз өнер адамдарымыз ғой. Біз бір біріміздің талантымызды, музыкалық қасиеттерімізді бағалаймыз. Әрқашанда бір бірімізге көмектесеміз, жақсы сөз айтып, стимул беріп отырамыз», — деді опера әншісі Нұржамал Үсенбаева.

Оқырман мен әнсүйер қауым қос жұлдыздың сұхбаттарына ризашылықтарын білдіріп, сыйластық пен қолдауларын жоғалтпаған жандар екенін жазуда.
Еске салайық, Төлеген Мұхамеджанов — композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Көптеген симфониялық шығармалардың, кинофильмдерге жазылған музыкалардың және әндердің авторы.
Ал оның әйелі, Нұржамал Үсенбаева — опера әншісі (сопрано). Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Сондай-ақ, олардың қызы Қарлығаш Мұхамеджанова  киноактриса саласына бет бұрған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 104
Ұнамайды 13
Күлкілі 4
Ашулы 0