Әншінің айтуынша, Заманбек Нұрқаділов оны композиторлардан қызғанатын болған.
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова сахнада марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов туралы айтып, көпшілікті күлдірген естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, Заманбек Нұрқаділов оны композиторлардан қызғанатын болған.
Мақпал Жүнісова композитор Ержан Берғозиновтың үйге келіп, «Ғашық жүректі» әнін орындағанын еске алды. Оның сөзінше, әнді Заманбек Нұрқаділовтің өзі ұнатып, Мақпалға орындауға кеңес берген.
Алайда әнді бірнеше рет қайталап орындау кезінде қызғаныш танытып, жұбайына әзілмен ескерту жасаған.
«Мен былай жантайып жатқанмын мына кісіге. “Жануля, слишком не подходи” деп Зәкең қызғанып өліп бара жатыр», – деді әнші.
Мақпал Жүнісованың бұл естелігі көрермендердің көңілінен шығып, көпшілікті ду күлдірді.