Өнер иесі жаңа әніне түсірілген бейнероликтің үзіндісін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова «Биле, ламбада» атты жаңа туындысын көпшілікке таныстырды. Алайда ән әлеуметтік желі қолданушыларының түрлі пікірін туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі жаңа әніне түсірілген бейнероликтің үзіндісін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Жазба астында бірқатар тыңдарман бұл стиль әншінің дауысына үйлеспейтінін алға тартты.
«Даусыңыз той әндеріне келмейді», «Мөлдірге басқа стиль жарасады», «Сізге баяу әндер көбірек үйлеседі», – деп жазды желі қолданушылары.
Әзірге әнші айтылған сын-пікірлерге жауап берген жоқ.