$ 454.31  528.04  5.25

«Өте ақымақ болыппын»: Нұртас Адамбай қателігін мойындап, елден кешірім сұрады

Өнер иесі бұл туралы Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында айтты.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық актер, продюсер әрі блогер Нұртас Адамбай бұрын айтқан кейбір пікірлерінің қате болғанын мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл туралы Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында айтты.

Сұхбат барысында Нұртас Адамбай бұған дейін адамдарды футбол ойнамауға және матч көрмеуге шақырған сөздерін еске алды. Оның айтуынша, сол кезде өзгелерге немен айналысу керек немесе неден бас тарту керегін айтуға құқығы бар деп ойлаған. Алайда қазір бұл ұстанымын қате деп санайды.

«Мен сол кезде қателескенімді мойындаймын. Футболмен айналысудың қажеті жоқ, оны көрудің қажеті жоқ деп айтқаным – менің ақымақтығым еді. Сол уақытта біреуге немен айналысу керек, немен айналыспау керек екенін айтуға құқым бар деп ойлайтындай ақымақ болғанмын», – деді актер.

Осылайша Нұртас Адамбай жылдар бұрын айтқан пікіріне қайта қарап, сол кездегі көзқарасының дұрыс болмағанын ашық мойындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0