07.09.2026, 05:30

«Қатты ұяламын»: Ернар Айдар алғашқы концерті туралы сырын ашты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Алайда концерт кезінде көрермендердің қолдауы Ернар Айдарға үлкен демеу болған.

Әнші Ернар Айдар осыдан он жыл бұрын сахнаға алғаш шығып, алғашқы концертін берген сәтін еске алды. Өнер иесі сол кездегі әрекеттеріне қазір сын көзбен қарайтынын айтып, өзіне ұялатын тұстары бар екенін жасырмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Қылықтарым да онша емес. Ол концертімді қазір көрсем, ұяламын», – деді Ернар Айдар.

Әншінің айтуынша, алғашқы концертінің алдында ол залға бір күн бұрын арнайы барып, көрермен орнында отырып, сахнаны әр қырынан бақылап көрген. Залдың бұрыштары мен ортасына отырып, халық әндерін тыңдармандардың білетініне алаңдап, қатты қобалжыған.

Алайда концерт кезінде көрермендердің қолдауы Ернар Айдарға үлкен демеу болған. Тыңдармандары оның бірнеше әнін бірге айтып, әншіге деген ықыласын білдірген.

«Көп рахмет! Көрермендерім мен тыңдармандарым сол кезде мені қатты қолдады. Менің біраз әндерімді біледі екен. Қосылып айтты», – деді ол.

Көрерменнің жылы ықыласы әншіге сенімділік беріп, көңілін орнына түсірген. Дегенмен Ернар Айдар сол кеште өзін сахнада толық еркін ұстай алмағанын атап өтті. Әсіресе биіне және сахнадағы қимыл-қозғалысына көңілі толмағанын айтты.