05.09.2026, 03:30

«Қатын құсап осының керегі не?»: Диана Скатованың жолдасы тойбастар үшін сынға қалды (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Жүргізуші тойбастардың тарихы мен мән-маңызы туралы бейнежазба жариялаған.

Танымал тележүргізуші Диана Скатова мен жолдасы Сұлтан Нұрбектің үлкен тойында қонақтарға таратылған тойбастар әлеуметтік желіде қызу талқыланды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жүргізуші тойбастардың тарихы мен мән-маңызы туралы бейнежазба жариялаған. Ал оның ерекшелігін таныстырып, түсіндірген – жолдасы Сұлтан Нұрбек.

Алайда желі қолданушылары ер адамның тойбастар туралы айтып, оны таныстырғанына қатысты түрлі пікір білдірді. Кейбірі сыйлықтың өзін де сынға алды.

«Алла сақтасын, қатын құсап осының керегі не?», «Күйеу жігіттің тойбастар туралы айтқанын алғаш көруім», «Осы тойбастар ұнамайды», «Қазақ үй беріп жатыр ма десем, ішінен кішкентай бір зат қана шықты», «Әдемі, бірақ не сыйлады?», «Ішіндегі кәмпит пе? Бриллиант қайда?» – деп жазды оқырмандар.