Қонақтың ақжарма тілегін жылы қабылдаған Роза Рымбаева жағдайды әзілге бұрып, өзіне айтылған «апай» сөзіне қалжыңмен жауап берді.
Той кезінде сахнаға шыққан қонақтардың бірі белгілі әнші Роза Рымбаеваға ерекше құрметін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жасы үлкен ер адам әншінің қасында тұрудың өзі ол үшін үлкен мәртебе екенін айтып, Роза Рымбаеваға деген ықыласын жеткізді. Ол өнер иесінің әндерін бала кезінен тыңдап өскенін айтып, сөз арасында әншіге бірнеше рет «Роза апай» деп құрмет көрсетті.
Қонақтың ақжарма тілегін жылы қабылдаған Роза Рымбаева жағдайды әзілге бұрып, өзіне айтылған «апай» сөзіне қалжыңмен жауап берді.
«Қартайтып тастадыңыз ғой "апай", "апай" деп. Жастар сияқты киініп келсем…» – деді әнші күлімсіреп.
Әншінің бұл жауабы той қонақтарын күлкіге бөледі. Роза Рымбаеваның тапқыр әзілі көпшіліктің көңілінен шықты.