21.08.2026, 12:20

«Қай әйелдің мәселесін көтердіңіз?»: Аша Матайдың видеосы елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында халықты Құрылтай сайлауына қатысуға шақырған бейнеролик жариялаған.

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Құрылтай сайлауына қатысты бейнежазба жариялап, желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында халықты Құрылтай сайлауына қатысуға шақырған бейнеролик жариялаған. Алайда бұл үндеу көпшіліктің көңілінен шықпай, оқырмандар әншінің бастамасына наразылық білдірді.

Желі қолданушылары Аша Матайдың бұған дейін қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты үнсіз қалғанын алға тартып, оған түрлі пікір қалдырған.

«Қоятын шығар десем, шындап бара жатыр ғой», «Мадина жайлы бір видео салмадыңыз», «Түк істемей, дебатқа шықпай, проблема көтермей не деп барасыз?», «Бұл апам да қояр емес», «Сайланып тұр ғой бұл», «Әйел қауіпсіздігі деп алып, кешегі жағдайға ештеңе демедіңіз», «Бұл сайланса, халық даусы маңызды болмағаны», «Жақсы жаттапсың», «Қай әйелдің мәселесін көтердіңіз?», «Халыққа жаның ашыса, қой», «Қалаулымда жүре бер», «Бетің қалың екен», «Сені ешкім қолдамайды», «Қалаулыммен шатастырып жүр ау», – деп жазды көпшілік.