$ 462.22  536.5  5.43

«Уақыты келгенде көрсетеміз»: Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет баласы жайлы айтты (ВИДЕО)

"Мен жеке өмірімді жария ете бермейтінмін". 

Фото: kamshat_zholdybayeva/instagram
Фото: kamshat_zholdybayeva/instagram

Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева жеке өміріне қатысты сауалға жауап беріп, ана атанғанын алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі отбасының жеке өмірін көпшілікке жариялауды құп көрмейтінін атап өтті. Дегенмен болашақта балалары өздері қаласа, жұртшылыққа танылуына қарсы емес екенін жеткізді.

«Қазір нәзік ару қызымыз бар. Мен жеке өмірімді жария ете бермейтінмін. Отбасым — алтын қазынам. Жолдасымның да ұстанымы дәл осындай. Уақыты келіп, болашақта бала-шағамыз өздері танымал болуды қалап жатса, "Бізді де білсін, көрсін" десе, ол — өздерінің құқығы. Сондай жасқа жеткенде, оны да жасыра алмайсың деп санаймын», — деді Кәмшат Жолдыбаева «Оян» бағдарламасына берген сұхбатында.

Әнші бұған дейін жеке өмірі мен отбасы туралы көпшілікке ашық ақпарат бермей келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0